01.09.2014
Семинар жұмысына тиісті мемлекеттік органдар (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен Қаржы министрлігі) өкілдері, компаниялар, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығы, Шотландияның лауазымды тұлғаларды лицензиялау ұйымының төрағасы Стивен Робертсон, кеңес беруші Евгений Сесицкий, Кавказ елдері, Орта Азия мен Таяу шығыс елдері секциясы, Дүниежүзілік зияткерлік мпеншікті қорғау ұйымының өтпелі және дамыған экономикалы елдер департаменті өкілдері қатысады.
Шараның мақсаты ҚР шағын және орта кәсіпкерлік иелерінің шет елдердің өз кәсіптерінде зияткерлік меншік құқығын пайдалану тәжірибесімен таныстыру, зияткерлік меншік саласында тәжірибе алмасу болып табылады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.