01.09.2014
«Пәтерді сатып алуға өтініштер Алматы облысы Қарасай ауданында үйі жоқ немесе үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдардан www.fnsk.kz. сайты арқылы қабылданады», - делінген хабарламада.
Сатылатын нысандардың жалпы саны — 779 пәтер.
Айта кету керек, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтер алуға мүдделі барлық адамдардың www.fnsk.kz. сайтына тіркелуі қажет. Өтініштерді қабылдаудың күні мен уақыты 2014 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10:00-ден басталып, 2014 жыл 14 қазан күні сағат 10:00-де аяқталады.
Осы орайда кезек автоматты түрде өтініштің түсу уақытына қарай құрылады. Ал өтініш белгілі бір пәтер түріне қарай түседі. Өтінішті бергеннен кейін пәтер түрін өзгерту мүмкін емес.