31.08.2014
«Алматы облысы жылыжайларының 40%-ы Алматы қаласы шаруа қожалықтары айналасында шоғырланған. Жылыжайлардың жалпы аумағы 54 гектар. Соның ішінде 38,6 гектары Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Қапшағай қалаларының шаһарға жақын тұсында орналасқан. Бұл өз кезегінде Алматы нарығын өніммен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Жылыжайлардың 23 гектары замануи құрылғылармен жарақтандырылған. Жыл басынан бері бұл жылыжайлар 6103 тонна өнім шығарған. Соның ішіндегі 5310 тоннасы аудандардың үлесінде.
Халықты жеміс-жидек және көкеніспен қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда 7,5 гектарлық тағы үш жылыжай құрылысы жүріп жатыр.