29.08.2014
Облыс әкімдігінен хабарланғандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында бюджетте күрделі жөндеу жұмысына 73,9 млн. теңге бөлініп, 60-жылдары салынған Мәдениет үйі ретке келтірілді. Ағымдағы жылы тағы 68 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары мен сәндеу аяқталды.
Енді Сарқан ауданында 6 Мәдениет үйі бар. Жаңартылған мәдениет үйінде кітапхана, сурет өнері және өзгеде шығармашылық түрлері бойынша үйірмелер бар.
Үстіміздегі жылы Сарқан ауданында Мәденит үйлерін дамыту және күту үшін 251,8 млн теңге бөлінді.