29.08.2014
«Кәсіпорын қала іргесіндегі «Ордабасы» индустриялық аймағында орналасқан. Қажетті инфрақұрылым бюджет есебінен тегін тартылып берілді. Шетелдік инвесторлардың осы жобаға 15 миллион доллар салмақ ниеті бар. Фабрикада Германия, Италия және Түрік компанияларының құрал-жабдықтары жарақталған. Әзірбайжаннан келген тәжірибелі технологтар жергілікті мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жұмыстың қыр-сырын үйретіп жатыр. Әзірге фабрикаға қажетті шикізат шет елдерден тасымалдануда», - делінген хабарламада.
Кәсіпорын Қазақстанмен қатар Тәжікстан, Ресей және Қырғызстанның қажеттілігін қанағаттандыратын болады.