28.08.2014
Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылық пен мәдениетсіздікке шыдамсыздықты қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық танымы мен мәдениетін арттыру болып табылады.
Осылайша, бір сағаттың ішінде сайтқа 60-тан астам сұрақ келіп түсті. Қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде аулалар мен саябақ қауымдастықтарында, кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сайт пайдаланушылары ұсақ құқық бұзушылықтар үшін ден қою шаралары мен олардың санкциялары бойынша сұрақтар қойды. Атап айтқанда, белгіленбеген орындарда қоқыс тастау, қоғамдық орындарда шылым тарту және спирттік ішімдіктер ішу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, үй жануарларын ұстау тәртібі және т.б.