27.08.2014
«Оралда ағымдағы жылы 900 орынға есептелген түзету мекемесінің құрылысы аяқталады. Өткен жылы Қызылорда қаласында 1000 адамға есептелген калония ашылды, жалпы 8 түрме мекемесі бар», - деп түсіндірді ол.
Сала маманының айтуынша, ескі абақтылар жаңа түзеу мекемелерінің ашылуына байланысты оңтайландырылатын болады.
«Тозығы жеткендерге, кеңес кезеңінен бері жөндеу көрмеген түзету мекемелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ал ондағы бас бостандығынан айырылғандар жаңадан ашылған колониларға жіберіледі», - деп атап өтті Т. Жәнібеков.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР қылмыстық-атқару жүйесіне 15 аймақтық департамент, 75 түзету мекемесі, 18 тергеу изоляторы, 240 қылмыстық-атқарушы инспекция кіреді. Жүйеде 16 мыңнан астам адам жұмс істейді.
Индира Кауметова