27.08.2014
Бұдан бұрын хабарлағандай, осы бағдарламаны іске асыру үшін Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес бюджеттен 1 га егіс алаңына 6 000 теңге есебінен 14 млрд. теңге бөлінген болатын.
Бағдарламаның шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы АШТӨ-нің 13 млрд. теңгеден астам сомаға 1 738 өтінімдерін қаржыландырды. Бұл ретте аграриялар қаржыландыру үшін өтінім берген жалпы егіс алаңы 2,1 млн. га-дан асты.
Бағдарламаның қорытынды сатысы АШТӨ-нің бастапқы төлемақы сомасы көлемінің және Азық-түлік келісім шарт корпорациясының сатып алу бағасының негізінде айқындалатын бидайды және/немесе арпаны 2014 жылдың 1 желтоқсанын қоса алғандағы мерзімге дейін жеткізу арқылы аграриялардың өз міндеттемелерін орындауы болып табылады.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.