26.08.2014
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес мобилизация» акциясын қолға ала отырып кәсіпкердің белсенділіктерін оятуда. Өткен аптада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі Рақым Ошақбаев ғаламторда ашық бейнеүндеу жариялады. Ол барлық кәсіпкерлерді бірлесе шоғырлана отырып бәсекеге қабілетті өнім шығару жолында Ресей Федерациясына экспорт тасымалдау үшін тізе қосып жұмыс істеуге шақырды.
«Соңғы үш күн ішінде кәсіпкерлерден күніне 10-20 үндеуден ала бастадық. Олар өздерінің кәсіптеріне кедергі келтіретін мәселелерді ашық айтуда», - дейді Р.Ошақбаев.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасына елуден астам үндеу келіп түсті. Кәсіпкерлер қазіргі таңда еліміздегі кейбір қиындықтарды ашып көрсетеді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, акция қорытындысы бойынша, бір айдан кейін жүйелі шаралар қабылданады. Бұл өз кезегінде Үкіметтің мойнына жаңа міндеттемелер жүктейді.