26.08.2014
Облыста 6 ай ішінде 20,6 млрд теңгенің азық-түлігі өндірілді. Оған қоса ет өнімдерінің өнімі өсті ол 2,27 млрд теңгені құраса, өсімдік майлары 264,3 млн теңге, ұн 7,6 млрд теңге, өзге азық-түлік өнімдері 385,7 млн теңге, сүт өнімдері 5,3 млрд теңгеге өндірілді.
Сондай-ақ, 6 айдың ішінде өңдеуші өнімдердің ішінен көш бастап тұрған ұн-37 пайыз, сүт өнімдері-26 пайыз, ет пен ет өнімдері-11 пайыз, нан-тоқаш өнімдері-10 пайыз, өзге азық-түлік 16 пайызды құрады.
«Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдердің көлемі артуда. 2013 жылы 37,8 млрд теңгенің өнімі жүзеге асып, өндірілді. Ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,4 млрд теңгеге немесе 1,4 пайызға жоғары», - делінген хабарламада.