• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-дағы жәрмеңкеде 20 млн теңгенің тауары сатылды 25.08.2014

Облыс орталығындағы жәрмеңкеге 27 ауылдық округ пен Үржар ауданы  55 ауылының фермерлері өз өнімдерін алып келді. Олар мұнда шамамен 15 тонна ет пен 60 тонна жеміс-жидек көкөніс жеткізген.

Сонымен қатар, үржарлықтар палау, қымыз және өзге де ұлттық тағам түрлерін дайындап, 400-ден астам адамға тегін дастархан жайды.

«Белсенділерге арналған спорттық алаң ұйымдастырылып, 8 спорт түрі бойынша сайыс өтті. Ал суырып салма өнері майталмандарының шығармаларынан кейін мерекелік шара «Туған ел – алтын бесігім» гала-концертімен жалғасын тапты. Көрермендер назарына түрлі өнер туындылары ұсынылды», - делінген хабарламада.


Back to the list