24.08.2014
Кездесу барысында ақпараттық-насихаттау тобымен Елбасы белгілеген стратегиялық құжаттың басымдықтары және ауқымды міндеттерді жүзеге асыру жолдары жария етілді. Сонымен қатар бөлімдер басшыларымен әділет департаментінің қызметі толық жария етілді және әділет органдарының қызметін реттейтін, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша, атап айтқанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал-актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рәсімдерді қысқарту бойынша түсініктемелер берілді.
Бұдан басқа, ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді.