23.08.2014
«Даму» қоры хабарлағандай, кәсіпкерлік орталығының мамандары бағдарлама тәртіптері механизмінің өзгеруі жайлы ақпараттандырды.
Азаматтардың көп бөлігі «Даму» қорынан кепілдік пен субсидия алу жағдайын сұрастырды, сондай-ақ, ақпараттық және қызметтік қолдауға ие болу да назардан тыс қалмады.
Шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік орган қызметкерлерімен, кәсіпкерлікті дамыту институттарымен, екінші деңгейлі банк өкілдерімен тікелей кеңес алуға мүмкіндік туып, қажетті ақпараттарына ие болды.