• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атбасарда су тасқынынан кейін мектепті қалпына келтіруге 134,9 млн теңге жұмсалды- әкімдік 22.08.2014

Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, пайдалануға берілген №1 мектеп су басқаннан кейін күрделі жөндеуді қажет етті.

Бүгінгі таңда мектеп толығымен дайын, жобаны жүзеге асыру үшін 134, 9 млн теңге жұмсалды.

Білім ордасының ашылу салтанатына ҚР ІІМ вице-министрі Владимир Божко мен аймақ басшысы Сергей Кулагин қатысты. Нысан табиғи апаттан туындаған төтенше жағдайды жою жоспары аясында пайдалануға берілді.


Back to the list