22.08.2014
Аймақта ылғалдылықты сақтап тұратын технология дәнді дақылдар алқабының (266,5 мың. га) жартысынан көбіне енгізілген, бұл дегеніңіз өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары.
Сонымен қатар, аймақта мал шаруашылығы өндірісі де жақсарып келеді, барлық мал басының саны артуда, мәселен, ІҚМ 3,0%-ға, қой мен қозы 2,7%-ға, жылқы 7,1%-ға, түйе 1,2%-ға өсті.
«Жыл басынан бері 29,7 мың тонна ет өндірілді, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 5,4%-ға жоғары. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы отарлап мал өсіру жобасы шеңберінде 20,0 мың бас қой мен 400 бас жылқы сатып алу жоспарланған», - деп атап өтті әкімдікте.