• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры  30 тауарлы сүт  фермасын қаржыландырады 21.08.2014

«Сүт саласын дамыту мақсатында отбасылық тауарлы сүт  фермаларды құру және сүт қабылдайтын бекеттерді ашуға бағытталған «Ырыс» бағдарламасы әзірленіп, өз жұмысын бастады. Бұл бағдарлама фермерлерге техника мен технологияларды жаңартуға, сүтті асыл тұқымды мал сатып алуға, сүт қабылдау бекеттерін ашуға мүмкіндік береді. Жобаларды жүзеге асыру жеке шаруашылықтардан сүтті жинап, сүт өңдеушілердің қуаттылығын арттырып, инновациялық технологияларды пайдаланатын сүтті-тауарлы фермаларды құруға, олардың тиімділігі мен сүттің сапасын көтеруге, елімізге сүт өнімдерінің импортын азайтуға бағытталады. Осы жылы біз 30 отбасылық  тауарлы сүт  ферма мен 30 сүт қабылдайтын бекетті іске қосамыз деген жоспарымыз бар», - дейді.   

Сонымен қатар Н.Сарыбаевтың айтуынша, Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға деген қажеттілік бар. Ол үшін кәсіпкерліктер жұмысын жандандыру қажет.

«Тауарлы сүт фермалар желісін құру бағдарламасы 50-100 басқа арналған. Президент бірнеше рет өңдеуші өнеркәсіп өнімдері көлемін арттырып, оны дамыту қажеттілігін қадап айтты. Ол үшін қосымша шикізаттың да керек екені жасырын емес. Осылайша фермерлер ықшамды жұмыс істеп, тауардың өзіндік құны төмендеп, сүт өңдеу зауыттарымен бірлесіп жұмыс істейтін болады», - дейді.

Индира Қауметова


Back to the list