• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жекешелендірудің екінші толқыны мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартады – ҰЭМ 21.08.2014

«Жекешелендірудің екінші толқыны мемлекеттің ел экономикасына қатысуын қысқартып, жаңа салаларда жеке бизнестің дамуына серпін береді. Кәсіпкерліктің жаңа акционерлері, біріншіден, дайын кәсіпкерлікке қол жеткізсе, екіншіден, оны дамыту бастамаларын іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, өзінің салаларында үлкен тәжірибеге ие үздік дайын мамандармен жұмыс істейді», - дейді.

М.Құсайыновтың айтуынша, жекешелендіру кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етпек.

«Жекешелендірудің кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай әсер етеніні анық. Жеке сектордың алдынан көптеген нысандар мен кәсіпкерлік бағыттары ашылады. Олар бүгінге дейін мемлекеттің араласуымен қолжетімсіз болып келген», - дейді.

Оның айтуынша, жеке инвесторлардың келуі кәсіпкерлік қызметтерін жаңғыртып, соңғы тұтынушыға сапалы өнім жеткізуде бәсекелесіткті арттыратын болады.

Индира Қауметова


Back to the list