• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Егін жинау науқанына  45 мыңға жуық техника жұмылдырылады  - Хасенов 20.08.2014

"Ағымдағы жылдың егін жинау науқанына 45 мыңға жуық бидай жинау комбайны, 156,2 мың трактор, 15,0 мың дана дестелегіш,  46,8 мың дана жүк тасымалдайтын автокөлік қатысады.  Бидай жинау комбайндарының дайындығы 98%",- деп хабарлады  Сақташ Хасенов.

Естеріңізге сала кетейік,  2013 жылы республика бойынша АШТӨ 6182 дана техника алды, олардың ішінде  2205 трактор, 1146 бидай жинау комбайны, 210 егін егу кешені,  341 тұқымсепкіш, 317 дестелегіш, 70 копсытқыш және 1893 дана өзге де техника сатып алынды.

С.Хасеновтың айтуынша, АШТӨ 2014 жылы республика бойынша егін алқабынан өнімді жинап алу үшін 410 мың тонна дизельді отын дайындап қойды. Күздік егін жинау жұмыстарына МӨЗ дизелді отынның тоннасын 114 458 теңгеге беретін болады, демек оның  литрі 95 теңге шамасында болады.

Мадина Нурбекова


Back to the list