• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда астық өнімі бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн тоннаны құрайды 20.08.2014

««Қазгидромет» РМК ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес ү.ж. дәнді дақылдар түсімі шамамен 11 ц/га деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды», - деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

Элеваторларда 505 бірлік дән кептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында - 139, Қостанай облысында - 135 және Солтүстік Қазақстан облысында - 154. Астықы қабылдауға 491 дән кептіргіш (97%) дайын, соның ішінде Ақмола облысында - 139 (100%), Қостанай облысында - 126 (93%), Солтүстік Қазақстан облысында - 154 (100%). 

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны жүруде.

Мадина Нұрбекова 


Back to the list