19.08.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясынада «Сүтті-тауарлы фермалар» дамыту саласы мен іскерлік-жоспарды жүзеге асыру мақсатында жасақталды. Ол жеке және заңды тұлғалардың несие алып, ІҚМ 50 және 100 бас сатып алып, сүтті-тауарлы фермаларды құруға және кеңейтуге мүмкіндік береді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 100 бас ірі қара малы бар 3 «Сүтті-тауарлы ферма» сонымен қатар 50 бастан тұратың ірі қара малдан тұратын 5 «Сүтті-тауарлы ферма» ашып кеңейту жоспарланып отыр.
«Бүгінгі күні 100 бастан тұратын сүтті тұқымды 2 жоба жасалынып жатыр. Қарыздың максималды сомасы: 60 млн теңге. Сыйақы үстемесін субсидиялауды есептегенде - жылдық 4% құраса, субсидиялаусыз жылдық 11% көрсетеді», - делінген хабарда.
Қарыз/лизингтік мерзімі - 84 айға дейін. Негізгі борышты өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет, несиелеу мерзімі бойынша жартылай/толық қайтару мүмкіндігімен.
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім - 24 айдан,ал, сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім - 12 айдан аспайды.