19.08.2014
Бүгінде тағы 2 жылу агрегатын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, олардың бірі қосалқы болып саналады.
Оған қоса, Қызылорда жылу электр орталығын жаңғырту мен кеңейту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Мақсат - электр қуатын өндіру көлемін арттырып, аймақтың энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
«ІІІ инвестициялық форумның шеңберінде Қазақстан даму банкімен осы жоба бойынша 8,6 млрд. теңгеге несиелік келісім жасалды. Облыстық бюджет бұл жобаға 1 млрд. 700 млн. теңге көлемінде қоса қаржыландыру шарты бойынша қатысады. Өзінің жұмыс істеу мерзімі ескірген жабдықтар қазіргі заманғы жоғары тиімділігі бар бу-газ технологиясымен алмастырылатын болады», - делінген хабарламада.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша жобаны қаржыландыру жөнінде сәуірде алдын ала келісімге қол қойылған-ды. Банк бұл жобаны жүзеге асыруға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлетін болады.