19.08.2014
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, сауын деңгейі биыл екі есеге дейін артып, жыл қорытындысы бойынша мал басынан 6500 литр сүт алу жоспарланып отыр. Күздік бидайдың шығымы гектарына 69,9 центнерге жетсе, күздік қарабидай көлемі гектарына 61 центнерді құрамақ.
Хабарламада айтылғандай, тәжірибелі шаруашылық облыс шаруаларына күздік бидайды тұқымдыққа береді. Олар егістік маусымында өзінің сапасымен ерекшеленетіні анық. Сонымен қатар сауын залымен бірге 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы да алдағы уақытың еншісіне қалдырылып отыр.