• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ә.Смайылов: Қазақстан экономикасы өсімінің төмендеуі Ресей экономикасымен байланысты 18.08.2014

«2012 жылы Ресейде жалпы ішкі өнім өсімінің қарқыны 3,4 пайызды құраса, биылғы жылы 0,5-0,6 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр.Мұның Қазақстанға ықпал етпеуі мүмкін емес, өйткені, біздің елдеріміздің арасында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнаған», - деді ол.

Оның айтуынша, жеті айдың қорытындысы бойынша болжамды баға бойынша ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады.Жыл соңына дейін ЖІӨ өсімнің қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығындағы астық жинау науқанының қарқыны есебінен артуы тиіс.

«Сондай-ақ, инфляция белгіленген дәлізде, сондықтан жалпы алғанда жағдай тұрақты және ЖІӨ бойынша көрсеткіш жоғары болады деген ойдамыз», – деп қосты статистика комитетінің төрағасы.

Мадина Нұрбекова 


Back to the list