18.08.2014
Типтік жобаға сай салынған ғимаратта орналасқан алғашқы медициналық көмек ұйымдарының үлесі 2012 жылғы 33% болса, бүгінде 68%-ға жетеді.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың нәтижесі бойынша, биылғы алғашқы 6 айда 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 13,6-ны құраса, өлім көрсеткіші 14,3%-ға төмендеп, табиғи өсім 5 %-ға өсті.
«Атырау – туберкулез бойынша Кеңес өкіметі кезінен соңғы орында болатын. Соңғы 10 жылда туберкулез аурушаңдығы 2,5, оның ішінде соңғы алты айда 30,4 %-ға төмендеп, Республикада 5-орынға шықты», - делінген хабарламада.