• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашылды – ҰКП 17.08.2014

ҚР ҰКП хабарлағандай, шағын және орта бизнестің дамуына еліміздің қаржы институттары өз үлестерін қосып келеді. Сонымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан Халық банкі» АК меморандумға отырды, нәтижесінде Халық банкінің бөлімшелерінде кәсіпкерлерге бизнеске қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіретін арнайы орталықтар ашылды.

ҚР ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің директоры Асқар Әбібәкіров атап өткендей, елімізде кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарламалар жетерлік, алайда олар туралы барлығы біле бермейді. Жан-жақты мәлімет беру мақсатында Халық банкінің бөлімшелерінде кеңес беретін орталықтар ашылуда.

Өткен аптаның басында Халық банкінің бөлімшелерінде кеңес беретін орталықтар ашу басталған болатын. Тамыздың 6 мен 13 аралығында еліміздің ірі қалаларында 22 орталық ашылды. 


Back to the list