• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да гидромелиорацияны  дамыту үшін 323,3 млн теңге бөлінді 16.08.2014

ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлағандай, қабылданған шаралар өңірдің егістік түсімін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен бірге көрші елдерге экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аймақта суармалы жерлерге жаңбырлатып және тамшылатып суаруға арналған заманауи технологиялар әкелінді. Яғни, жаңа технология енгізілген алқаптар 8,9 мың гектар мен 970 гектарды құрады.

Бұдан басқа, «Агробизнес – 2020» бағдарламасына сәйкес, биыл суару жүйесінің нысандарына тартылған инвестицияның 30 пайызы көлемінде инвестициялық субсидия бөлінді. Ағымдағы жылы бұл қаржы 49 млн. теңге және 204,4 млн. теңгені құрады.

Айта кетерлік жайт, облыста суармалы алқапты арттыруға мүмкіндік жетерлік.

«Ертеректе суармалы жер ретінде пайдаланылған 205 мың гектардың бүгінде тек 90 мың гектары ғана пайдаланылуда. Яғни, 44 пайызға тең. Қолда бар мүмкіндіктер арқылы алдағы үш-төрт жылда суармалы жерлерді қосымша 115 мың гектарға арттыруға болады», - деп атап өтілген хабарламада. 


Back to the list