• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атырау облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 67 нысан пайдалануға беріледі 16.08.2014

«Осыдан екі жыл бұрын әкім болып тағайындалғанымда аймақта  мәселесі шешілмеген 38 күрделі нысан болды. Кейбір бітпеген нысандар бойынша алдын-ала төлем жүргізілгендері де болды, 9 насанның мәселесін жергілікті деңгейде шештік.  Ағымдағы жылы тағы 17 нысанның проблемасы шешіледі, олардың 14 «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша. Жобаларды аяқтау үшін үкімет резервінен 1,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді», - деді  Б. Ізмұхамбетов.

Жалпы, жыл соңына дейін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 67 нысан пайдалануға беріледі.

«Аймақта «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 98 нысанды іске қосу жоспарланған. Олардың 18 пайдалануға берілген, жобаның жалпы құны – 12,3 млрд теңге. Ал,  67 нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.  Қалған 13 нысан 2015 жылы іске қосылады. Аталмыш жобалар іске қосылғаннан кейін 2015 жылы аймақта халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңейі 78%-ға жетеді. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 54%-дан 73%-ға дейін артты», - делінген хабарламада.


Back to the list