15.08.2014
«Сіз теңіз тартылған кезде үдере көшкен халықты ата қонысқа қайтардыңыз, сөнген үмітті қайта жағып, күдікті үмітке алмастырдыңыз, ата кәсіпті жандандыру арқылы еңбек пен ерліктің биік үлгісін көрсеттіңіз», - делінген хатта.
Соңында Арал ауданының тұрғындары теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар үшін алғыстарын білдірген.Сондай-ақ олар жалпы еліміздің даму қарқынын, қоғамда қалыптасқан татулық пен тыныштықты атап өткен.