15.08.2014
Соңғы екі жылда бізде құны 1 трлн. 600 млрд. теңге болатын 44 жоба жүзеге аса бастады. Оның бір бөлігі аяқталды. Жаңа жобалардың көбі елді мекендерде іске қосылды.
Бұл қуаттылығы тәулігіне 10 мың литрді құрайтын сүт фермасы, ешкі сүтінен өнім жасайтын ферма, жаңа жылыжайлар, бордақылау алаңдары және т.б.
«Аталамыш іс ауылдардан жастардың кетуін төмендетіп, ауылдық жерлердегі демографиялық жағдайды жақсартуға жол ашты», - делінген хабарламада.