15.08.2014
ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті баспасөз-қызметі хабарлағандай, іс-шараға жарыстың өңірлік кезеңдерінен үлгерімді өткен кинологиялық қызметтің 16 үздік қызметкері қатысты.
«Үш күндік жарыстың барысында кинолог-мамандардың жоғары кәсібилігі және ғимараттарда, жүктерде, көліктерде және жасырын жерлерде есірткі құралдарын іздеу бойынша қызметтік иттердің жақсы дайындалғандығы бойынша жоғары деңгей көрсетті», - делінген хабарламада.
Жарыс қазақстан полициясының тарихында бірінші болып отыр және бұдан әрі жыл сайын өткізілетін болады. Бұнда кинолгтар тек қана өздерінің шеберлігін, иттерінің дағдыларын көрсетіп қана қоймайды және де қосымша кәсіби тәжірибе алады.
Қәзір елімізде 630 қызметтік-іздестіру иттер қызметін атақарады. Ағымдағы жылдың 7айы ішінде олардың көмегімен полицейлер 2800 қылмыс, оның ішінде 1286 ұрлық, 247 тонау, 54 кісі өлімі, 500-ге тарта есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 7 тонна 188 кг әр түрлі есірткі құралы алынды.