• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  халықаралық және жүрдек пойыздарда жүруге жеңілдіктер жасалуда 15.08.2014

Халықаралық бағыттарда жол жүру құжаттарын алдын ала сатып алғанда: пойыздың аттанары алдында 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін 30 пайыз;пойыздың аттанары алдында 30 тәуліктен 16 тәулікке дейін 15 пайыз.

Ал, плацкарт санатты вагондарда, пойыздың аттанары алдында 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін 20 пайыз;пойыздың аттанары алдында 30 тәуліктен 16 тәулікке дейін 10 пайыз.

«Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыздарда да жеңілдіктер қарастырылған.

«Сонымен қатар, №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №19/20 «Атырау-Астана», №87/88 «Ақтөбе-Астана» және №77/78 «Алматы-Атырау» жолаушылар пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» санатты вагондарының құны демалыс күндері мереке алды және мерекелік күндерден бөлек, жұмыс күндері тарифіне деңгейлестірілді», - делінген хабарламада.  


Back to the list