15.08.2014
" Үкіметті қайта құру - мемлекет пен бизнестің өзара қатынасын дамыту қадамы . Және осы мүмкіндікті біз барынша пайдалануымыз керек. Мемлекет өндірісті дамыту үшін барлық жағдайды жасап жатыр ",- деді Әміртаев.
"Мен, өзім кәсіпкер ретінде өндіріспен байланысты үш жобаны іске қосып отырмын. Біздің компания электрэнергиямен қамтамасыз ету саласында жұмыс істейді. Біз 12 қалада көшелерді жарықтандыру бойынша басқарылатын аймақты іске қостық ",- деп толықтырды ол.
Кәсіпкер мысал ретінде Астанадағы Сарайшық көшесін келтірді, онда жоба іске қосылып қойған. Оның айтуынша, жоба аясында бұл көшедегі электрэнергияны үнемдеу 30%-дан 63%-ға дейін жетеді.
"Біздің технология үлкен көлемде үнемдеуге мүмкіндік береді, алайда оған қызығушылық танытып отрған жергілікті билік некен саяқ. Жобаның одан ары дамуын Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен байланыстырып отырмыз ",- деп түйіндеді Әміртаев.
Мадина Нұрбекова