15.08.2014
ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, семинарда жаңадан пайда болаған суармалы жерлердің таныстырылымы өтті.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары облыста гидротехникалық қондырғылар мен су нысандарын қалпына келтіру және жаңғырту бойынша жұмыстар жүруде.
«Соңғы 3 жылда республикалық бюджеттен аталмыш бағыттарға 3,4 млн теңге бөлінді, суармалы жерлерді 22,1 мың гектардан 90 мың га жеткізу мақсаты қойылған. Суармалы егіншілікке жағдай жасаумен қатар, заманауи технологияларды енгізу жайы да талқылануда», - делінген хабарламада.