• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазпочта» АҚ ауылдық жерлерде классикалық франшиза схемасы бойынша кеңеюде 15.08.2014

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Абылай хан ауылдық округінде орналасқан Ақылбай ауылында ұсынылады. Халық саны 900 адамды құрайды, оның ішінде 112-сі зейнеткер. Осы пошта бөлімшесінде бекітіп берілген елді мекен, халық саны 258 адамнан тұратын Озерный ауылына да қызмет көрсетіледі.  

Компания өкілдері үй-жайлар (дүкен, дәріхана) иелерінің арасында почта қызметтерін көрсетуге арналған кәсіпкерлікті талдауды жүргізеді. Тиісті шарт жасалғаннан кейін кәсіпкер почта жөнелтілімдерін қабылдау және беру қызметтерін көрсетеді. Осылайша, ауылдық жердің тұрғындары үшін күні бойы, демалыссыз және үзіліссіз почта қызметтерін пайдалану мүмкіндігі бар.

«Бұл – шағын және орта бизнестің дамуына себепші болатын, ауылдық жерде почта қызметтерінің қолжетімділігін ұйымдастыру жөніндегі жоспардың шеңберінде іске асырылған пилоттық жоба. Пилоттық жоба ұйымдастырылғаннан кейін, шалғайдағы елді мекендерде почта қызметтеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік беретін талдау жасайтын боламыз» - деп пікір білдірді «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.

 


Back to the list