15.08.2014
«2014 жылы жастар тәжірибесіне 17 адам бағытталды, оның ішінде, қаржыгер, заңгер, экономика, эпидемиолог-дәрігер, медбикелік іс, «ЖҚЖК-2020» бойынша педагогика мамандықтары бар. Жастар тәжірибесі аяқталған соң бұл адамдарды жұмысқа орналастыру міндет болып саналады. Бағдарлама жұмыс істегелі бері тәжірибеден 40 адам өтті. Біз жастар жұмысқа орналаса алатын жерлерге барамыз», - деді ол.
Сондай-ақ, Б. Сыздықова бағдарлама аясында 10 адам мектеп бітірген соң колледжге оқуға бағытталғандығын айтты.
«Сондай-ақ, бағдарлама аясында қайта білім алуға 10 адам жіберілді. Мектеп бітірушілерді біз колледжге жұмысқа орналасуын кепілдендіріп жібереміз», - деді Бақыт Сыздыова.
Оның айтуынша, жастар тәжірибесі 6 айға созылады, жалақы 30 мың теңге, оған зейнетақы қоры мен әлеуметтік төлем қосылады.
Индира Кауметова