• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазтелерадио» жаңа жобаларын іске қосты (ФОТО) 15.08.2014

«Қазақстан Республикасының Ұлттық интернет-хабар тарату» жаңа қызметі Қазақстан Республикасының цифрлық телерадио хабарларын дамытудың негізгі бағытына сәйкес келеді және отандық теле-, радиобағдарламалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ақпараттық ресурстарға тұрғындардың қолжетімділігін арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның келесі кезеңі болып табылады.

«Қазтелерадиодан» хабарлағандай, бастапқы кезеңде жаңа қызмет мемлекеттік және коммерциялық 23 телеарнаның онлайн трансляциясын көздейді, келешекте интернет арналар топтамасы ең жоғары рейтінгті шетелдік телеарналармен кеңейеді.

«Ұлттық интернет хабар тарату» қызметі арқылы тегін болып табылатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ, «Қазақфильм», «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» компанияларынан қазақстандық көркем және деректі фильмдерінің, мемлекеттік және коммерциялық телеарналардың авторлық бағдарламалары мен фильмдерінің тегін бейнетекасы қолжетімді», - деп мәлім етті «Қазтелерадиодан».

Бір сөзбен айтқанда, бұл жоба Интернет желісіне қосылған әрбір адам әлемнің кез келген нүктесінде мемлекеттік және коммерциялық теле-, радиоарналар контентінің жаһандық ұсынысын беруге бағытталған. Ол Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің оқиғаларынан үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді.

«Әлемнің кез келген жерінен компьютер арқылы «Қазақстан Республикасының ұлттық интернет-хабар тарату» қызметінің қолжетімділігі шетелде тұратын қазақ диаспорасының 5 млн. өкілі, сондай-ақ елімізден тысқары жерлерде оқып жатқан қазақстандық студенттер, тілшілер мен бизнесмендер үшін өте маңызды», - дейді «Қазтелерадио».

Іске қосылып отырған екінші жоба – «Телегазет» – бұл «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісі абоненттеріне Қазақстанның барлық маңызды саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық өмірінен оқиғалар туралы ақпаратты өздерінің теледидарлары экранынан алуға мүмкіндік беретін тегін ақпараттық сервис.

«Қазтелерадио» мәлім еткендей, оған контент ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқаларының жаңа нөмірлері пайдаланылады.

«Қазтелерадио» АҚ-ның барлық қызметтері сияқты, аталған қызмет қала мен ауыл тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсіздікті жоюға бағытталған. Ең алдымен, жоба мақсаты республикамыздың шалғайдағы елді мекендер тұрғындарын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады», - дейді жоба авторлары.

Қызметтің ерекшелігі, телегазеттің басылым баспасының нұсқасы шыққан күнде жаңартылуы болып табылады. Егер шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары бұрын газеттерді бірнеше күндерге кешіктірумен алса, бүгінгі күні оларда басылымның шыққан күнінде газеттің жаңа нөмірін алу мүмкіндігі бар. Ұлттық цифрлық телевизия көрермендерінің 80% ауылды аймақтарға келеді, олардың көбісі қысқы кезеңде мүлдем қолжетімсіз, аталған аудандардың тұрғындары енді республикалық газетсіз қалмайды.

«Қазтелерадио» АҚ – халықты телевизия және радио бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының эфирлік жжәне жерсеріктік телерадио хабарарын таратудың ұлттық операторы. 2016 жылдың аяғына дейін эфирлік цифрлық телердио хабарларын таратудың республикалық желісі құрылысының аяқталуы және тұрғындардың эфирлік цифрлық телевизичмен 95% дейін қамутуға жеткізу, тұрғындардың фирлік радиохабар таратумен қамтылыуын арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні Ұлттық цифрлық жерсеріктік және эфирлік телевизиясы абоненттерінің саны 750 000 отбасыны құрайды. Жерсеріктік телевизияға қосылу ҚР барлық аумағында, 51% халық үшін цифрлық эфирлік телевизияға қосылу барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында және толығымен Маңғыстау облысында қолжетімді.  

 

 

 


Back to the list