15.08.2014
Шара «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік көмек алу сұрақтарының бірыңғай күні» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды, деп ҰКП хабарлады.
Республикалық акция палата кәсіпкерлері мен «Даму» қоры, мемлекеттік органдар мен екінші дәрежелі банктердің диалогтық алаңына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және ақпараттандыру.
Кеңес алуға елуге жуық кәсіпкер жиналды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бірнеше сағат бойы акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кеңестендірді.
«Кәсіпкерлерді несиелендіру, жаңа қондырғы алуға субсидия жасау, бизнестің ашылуына грант бөлу сынды сұрақтар қызықтырды», - делінген хабарламада.