15.08.2014
Ұлттық палатада хабарлағандай, бизнес-турдің негізгі мақсаты – өз ісін бастаушы кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру, яғни ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың ашылауына септігін тигізу.
Бизнес-турдың бағдарламасы өте қызықты. Қатысушылар аймақтың әр аймағынан жиналды. Қарағанды, Теміртаумен қоса аталмыш шараға Ақтоғай, Абай, Шет, Қарқаралы аудандары да қызығушылық танытты. Сондай-ақ, турға Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері мен өкілдері қатысты.
Бизнес-тур құс өсіретін фабрикадан басталды. Кәсіпорынның жетекшісі Сергей Сергин бизнестің құрылу тарихын бұлжытпай айтып өтті. Қаз бен үйрек өсірудің құпиясын айтып, қатысушыларға шағын-мастер класс өткізді.
Бизнес-тур «Қалиев» ЖК, «Халал», сынды кәсіпкерліктерге барумен жалғасты. Шара «Қарағанды-құс» ЖШС мекемесіне барумен аяқталды. Жас кәсіпкерлер кәсіпорындардың құрылуы мен бизнестің ашылу тарихымен танысты.