15.08.2014
Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов кездесу барысында Қытайдан келген қонаққа өңір туралы жан-жақты әңгімелеп берді және болашақта ынтымақтастық орнатуға болатын салалар туралы жеткізді. Кездесу барысында Қостанай облысы мен Ганьсу провинциясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Jisco компаниясы мен «ССГПО» АҚ арасында келісімге қол жеткізілді, бірлесіп глинозем өндіру мәселелері қарастырылды. Бұдан басқа, тамақ өндірісі саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.
Өзінің екі күндік сапары аясында қытайлық делегация «ССГПО» АҚ, «СарыАрқаАвтоПром» ЖШС, «Қостанай мелькомбинат»АҚ, «Баян-Сұлу»АҚ аралайды және қаланың мәдени орындарымен танысады.