14.08.2014
Көкпектіде ағымдағы айдың 15-не дейін бес үй, 20-на дейін 18 үй, 25 тамызға дейін 26 үй пайдалануға беріледі.
Апат болған аймақты қалпына келтіру үшін бағытталған қаржы мәселесі шешілген. Бүгінде құрылыс жұмысына 10 мердігерлік мекеме жұмылдырылып отыр. Соңғы айда жұмысшылар саны 4 есеге ұлғайып, 100 адамнан 400 адамға дейін жеткен.Құрылыс сапасын облыс әкімі тікелей бақылауында ұстап отыр.
«Құрылыс жұмыстары уақытында аяқталып, тұрғындар жаңа үйлеріне жақын уақытта қоныстануы қажет. Құрылыс жұмыстары сапалы болуы тиіс. Барлық жұмыстар менің қатаң бақылауымда болады»,-деді аймақ басшысы.