14.08.2014
«Жаңа балабақша ашылғанға дейін ауданда жалғыз мектепке дейінгі мекеме Борасинская мектеп-балабақшасы жұмыс істеді, онда 135 баладан тұратын 6 топ түзілген. Бұдан басқа, 23 мектепте 778 баланы қамтыған шағын-орталықтар жұмыс істейді, олардың ішінде 6 шағын-орталық «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған, олар 150 баланы қамтыды», - деп атап өтілген хабарламада.
Жаңа «Айналайын» балабақшасы 4 топқа топтастырылатын 90 балаға есептелген. Балабақша ғимаратының құрылысына бюджеттен 224,9 млн теңге бөлінді, ал оны іске қосу 14 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.
«Балабақшаға деген кезекті жою облыс және республикалық деңгейдегі басты міндет. Және оны шешу үшін мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Оған мысал - мына балабақшаның ашылуы. Бесқарағай тұрғындары үшін бұл көптен күткен қуаныш», - деп ағынан жарылды балабақшаның ашылу салтанатында ШҚО әкімі Б. Сапарбаев.
Жалпы ауданда мектепке дейінгі мекемемен 97,5 % бала қамтылған.