• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодар облысының құрылыс нысандарын облыс әкімі аралады 14.08.2014

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жұмыс сапары Ертіс өзенінде салынып жатқан өтпелі көпірден басталды. Аталмыш нысанның құрылысы 2013 жылы басталып,  жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Оған 250 жұмысшы мен 137 техника жұмылдырылған. Бұл жерде жұмыс тәулік бойы әрі кесте бойынша жүріп жатыр. Мердігердің айтуынша, көпір сапалы түрде айтылған мерзімде қолданысқа берілмек.

Нысанды қарап шыққан облыс әкімі жобаның құрылысына ең алдымен жергілікті тұрғындарды тарту әрі жұмылдыру қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар көпірді салуға тартылған барлық мердігерлік ұйымдар өңір аумағында тіркеліп, олар төлеген салық облыс бюджетінде қалуы керек. Осыдан кейін сол түсімдер жергілікті автомобиль жолдарын жөндеуге қайта жіберілетін болады.

Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Павлодардағы «Орталық» бас жол өтпесіне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жол өтпесін жөндеуге жергілікті бюджеттен 130 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылды. Жоба бойынша көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үстіміздегі жылдың қараша айына дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта арқалықтарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

 


Back to the list