14.08.2014
2014 жылғы қаңтар-шілдеде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2013 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1 716,9 млрд. теңгені құрады немесе нақты мәні 15,4%-ға артық.
2014 жылғы қаңтар-шілдеде базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәні 9%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45,1%-ды құрады.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 65,5%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға өсті, азық-түлік тауарлар – 11,1%-ға ұлғайды.
2014 жылғы 1 тамызға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 285,9 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері – 47 күн.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2014 жылы қаңтар-шілдеде республикада Алматы қаласы (28,2%), Астана қаласы (10,6%) және Қарағанды облысы (9,7%) құрады.