14.08.2014
Кездесу барысында аймақ басшысы келер жылы пайдалануға беру жоспарланған жаңа Ардагерлер үйінің құрылысы туралы жеткізді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
«Бүгінде аймақта ардагерлердің тұрғын үй мәселесі толығымен шешілген. Мысалы, соңғы 5 жылда 77 ардагерге жаңа пәтердің кілті берілді», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, облыс әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша басқармаға келер жылдан бастап ардагерлерге санаториялық-курорттық жолдаманы беруді қайта жаңғыртуды тапсырды.
Ол ерекше атап өткендей, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығына дайындық бүгіннен басталуы керек.
Жалпы, облыста Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығын атап өтуге 170 млн теңге бөлу көзделуде.