14.08.2014
Оның айтуынша, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент мемлекеттің басқару жүйесін қайта құрылымдау бойынша бірқатар өзекті мәселе көтерді. Оның Жарлығы бойынша Қазақстанда министрліктер 17-ден 12-ге дейін қысқартылды. Мұндай шешімнің қабылдануы өте дұрыс, себебі олар жасаған жұмыстың нәтижесі қажет, ал олардың атқаратын қызметтері өте ұқсас болды.
«Осындай болып жатқан өзгерістер қызметтің сапасына да оң әсер береді деп ойлаймын. Бұл медицина саласының да дамып, өркендеуіне өзінше үлес қосады», - деді ол.
Оның пікірінше, біріккен және кеңейген министрліктерде кадр таңдауды басымдыққа алу қажет, әрбір қызметкер мемлекет мүддесін өзінікінен жоғары қоюы керек.