13.08.2014
Көктем шыға Күршім ауылындағы көше жолдарын ағымды жөндеуден өткізеді. Күршім ауданы бойынша 928 шақырым автомобиль жолдары бар оның ішінде: 76 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары, 551 шақырым облыстық маңызы бар және 301 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары.
Күршім ауылындағы көше жолдарын ағымдағы жөндеулеріне мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізіліп, женімпазы анықталып, келісім шарт жасалды. Атап айтқанда: Күршім ауылы көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөліп, бүгінгі күнге Күршім ауылының Зангина көшесіне 0,7 шақырым қара қиыршық тасты жол төсемесі салынды.
Айта кетерлік жайт, Күршім ауылында көше жолдарында 3,75 шақырым қиыршық тас жамылғысы салынды және Теректі ауылы Абылайхан көшесіне республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.