13.08.2014
Алматы қаласы КП директоры Артур Котенёв атап өткендей, қаланың ірі шағын және орта бизнесті дамытудың орталығы болғанына қарамастан сметалық нормативті база мәселелеріне байланысты түйінді түйіткілдері жетерлік.
«Біздің аймақта еліміздегі әр төртінші ШОБ кәсіпорны жұмыс істейді. Біз бюджетке - 921 млрд теңге береміз. Өздеріңіз білетіндей, 2003 жылдан бастап сметалық нормативті база елімізде жаңартылған жоқ. Әр тоқсан сайын жинаққа деген қажеттілік өте жоғары», - деді Артур Котенёв.
Оның айтуынша, бүгінгі базада 30 мың түрлі құрылыс материалдары көрсетілген, ал нарықта олардың түрі 100 мыңнан да асады. Осы ретте, аталмыш мәселені шұғыл шешу қажеттілігі туындайды.
Жалпы келелі кеңеске қатысушылар бүгінгі сметалық нормативті база бүгінгі қажеттілік талаптарына сай келмейді, деген шешімге бір ауыздан келді. Сондықтан да бүгінгі база қайта қаралуы керек. Осы жиында айтылған барлық ескертпелер мен өтініштер болашақта есркерілгені жөн.