• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бір айда 170 қостанайлық кәсіпкер тегін кеңес алды 13.08.2014

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы хабарлағандай, қызметтің басым бөлігі, яғни 67-і бухгалтерлік және салық тізімі, статистикалық нәтиже жасау бойынша көрсетілді. Сондай-ақ, маркетинг пен заң көмегіне жүгінгендер де аз емес. Оны аудан мен қалаларда филиалдар арқылы жүзеге асырады.

«Кәсіпкерлер арасында мониторинг жүргізу аталмыш қызметтің нәтижелілігін көрсетті. Аудандық кәсіпкерлердің бірі өнімді жылжыту кеңесінің арқасында жаңа іскер серіктестерді тапқандығын атап өтті. Бұл қызметтік компаниялардың біліктілігін көрсетеді», - деді ӨКП директорының орынбасары Генадий Кукоба.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Кәсіпкерлер палатасы бизнеске қаржылай емес көмек көрсетудің операторы болып есептеледі. 


Back to the list