13.08.2014
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының ықпалымен 5654 азамат жұмысқа орналасты.
Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін облыс аймақтарының мекемелері мен кәсіпорындарында 2118 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, соның ішінде жұмыспен қамту жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша – 1167 жұмыс орны.
Жұмыспен қамту жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша 16 адам қайта даярлауға бағытталды.
2014 жылдың 1 тамызына тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,3 % құрайды.
2014 жылдың қаңтар – шілде айларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 290 адамы бар 70 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 70 отбасында тұратын 290 аз қамтылған азаматқа 4303,2 мың. теңге көлемінде тағайындалды.
2966 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 33,5 млн.теңге құрады.