• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда минералды тыңайтқыштармен құнарланған ауыл шаруашылығының алқабы 2 млн гектарды құрады 13.08.2014

«Минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған ауыл шаруашылығы алқабы 2002 жылдан бастап 322 мың га-дан 2 млн. 453 мың га-ға дейін өсті. Нәтижесінде егін түсімі молайды. Егер, 2003-2006 жылдар аралығында әр гектардан 10,3 ц өнім алынса, 2007-2013 жылдар аралығында әр гектардан 12,1 ц өнім алынды», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, сала маманы жердің құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштарға  басымдық берілетінін тілге тиек етті.

«Жердің құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштарға  басымдық беріледі. 1986 жылы республиканың егін алқабына 33200  мың тонна органикалық тыңайтқыштар себілді,  1992 жылы ол  15000 мың тоннаны құраса, 2000 жылдан бастап оның көлемі азая бастады. Ал, 2009-2013 жылдар аралығында органикалық тыңайтқыштар шектелген көлемде пайдаланылды, мәселен картоп өсіруде ол 40-50 мың тоннадан аспайтын», - деп түсіндірді Е. Бәзілжанов.

Индира Кауметова 

 


Back to the list